RU
Толық нұсқаға өту

Биыл елімізде 420 елді мекен таза ауызсумен қамтылады

17.02.2025, 07:13 608

Абай, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауыз су мәселесі әлі де өзекті, деп хабарлайды 24kz.

Дегенмен, биыл түйткілдің түйіні тарқайды. Үкіметтің халықты ауызcумен қамту жоспары жыл соңына дейін толықтай жүзеге асуға тиіс. Қазіргі көрсеткіш 98,9% шамасында.

Былтыр 3 мың шақырымнан асатын сумен жабдықтау желісі салынып, жаңартылды. Нәтижесінде қала тұрғындарының 99%, ауыл халқының 97%-іне сапалы ауызсу жетті. Биылғы меже – 420 елді мекенді сумен қамту. 2100 шақырымнан астам су құбыры салынады. 67 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Жалпы елдегі жерасты суының қоры шамамен 40 млрд текше метр, оның 15 млрд-ы пайдалануға дайын. Енді жерүсті суларының көлемін ұлғайту керек. Бұл үшін 5 жылда 2,6 млрд текше метр су жинайтын 42 жаңа су қоймасы салынады. Осы аралықта экономика салаларындағы суды қайта пайдалану үлесі 17%-тен 28%-ке дейін ұлғаяды.

Нұрсұлтан Керімқұлов, ҚР ӨҚМ Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының басшысы:

- Бізде 6256 ауылдық елді мекен болса, оның қамтамасыз етілмегені қазіргі уақытта 707 ауылды құрап отыр. Бізде Үкімет басшысының тапсырмасымен нақты жоспар жасалған. Кезең-кезеңімен біз 2025 жылдың соңына дейін 100% қамтамасыз ету керекпіз. Оның ішінде 251 ауыл бойынша республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. 311 ауылда кешенді блок модульдер орнатылады, жергілікті бюджет есебінен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz