RU
Толық нұсқаға өту

Үкімет басшысы ШҚО әкімін өңір активіне таныстырды

17.02.2025, 15:38 382

Президент тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысып, өңірдің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды 24kz.

Жиналыс барысында депутаттарға Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына үміткерлер – облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосыновты ұсыну туралы хаты оқылды. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша депутаттар Нұрымбет Сақтағановтың кандидатурасын қолдады. Оған 148 депутаттың 104-і дауыс берді, Арман Бекбосыновты 41 депутат жақтады. Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановты тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Олжас Бектенов бұрынғы әкім Ермек Көшербаевқа нәтижелі жұмысы мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Еске сала кеткен жөн, өткен аптада облыстың бұрынғы басшысы Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz