Шахтада опат болған кеншілердің отбасыларына асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен төлемдер тағайындалады. Көмек қаржысының көлемі қаза тапқан марқұмның асырауындағы адамдардың санына және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.
Жәрдемақының бұл түрі 8 жасқа дейінгі баласы бар жұмыссыз үш анаға да тағайындалады. Осылайша асырауындағы бір адам үшін бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшері 42 530 теңгені, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 141 523 теңгені құрайды.
Сондай-ақ қаза тапқан кеншілер отбасыларының барлығы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 369 608 теңге мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға құқылы. Мұнымен қоса жұмыс беруші компания қаза тапқандардың отбасыларына ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмекті көрсетеді.
Қаза тапқан кеншілердің отбасына тағайындалған жәрдемақылар:
Асырауындағы бір адам үшін бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшері - 42 530 теңге
МӘСҚ-дан төленетін төлемдер – 141 523 теңге
Асырауында бес адам болса, жәрдемақы мөлшері - 127 127 теңге
Жұмыс беруші компания қаза тапқандардың отбасыларына ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмекті көрсетеді:
Жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін 550 АЕК мөлшерінде төлемдер (2 162 600 тг)
Қайтыс болған адамның отбасына жылдық орташа жалақының 10 еселенген мөлшерінде төлем. Орташа алғанда бұл – 84 млн-нан 124 млн теңгеге дейін
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Үкіметтік комиссияның төрағасы:
- Біздің дәстүрімізге сай қаза болғандарды шығарып салу. Олардың туыстарына көмек көрсету. Жан-жақтан әртүрлі. Екіншіден, тиісті сараптамаларды осы 10 күн ішінде қорытындысын шығарып, тиісті нәтижесін Үкіметке ұсыну. Осының негізінде шешім қабылданады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz