Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасында сапарлау бұрынғыға қарағанда біршама арзандап, қатынау жеңілдей түседі.
Сәуір айында Инчхон мен Алматы арасында тағы бір әуе рейсі ашылады. Себебі таңғы шық елінде Қазақстандық турларға сұраныс артып, саяхатшылар қарасы көбейген. Оңтүстік Корея туристері елімізді Азияның Швейцариясы деп атайды.
Владислав Цой, тілші:
- Алматы мен Инчхон арасында енді ұшақтар күнде қатынайтын болады. Екі қала арасында жаңа рейстер ашылды. Қазір қос мегаполиске ұшатын жолаушыларға бір оңтүстіккореялық пен тағы бір қазақстандық әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Сәуірде олардың қатарына алғашқы лоукостер, яғни яғни ұшақ билеті арзан болатын авиакомпания қосылады. Екі араға Boeing 737-8 ұшағы қатынайды. Лоукостер биыл Пусаннан Алматыға ұшуды да жоспарлап отыр.
Ли Кён Мин, әуе компаниясының басқарушы директоры:
- Өткен қараша айында аймақтардан Алматыға ұшуға бірнеше квота берілді. Осыған байланысты біз Пусан-Алматы рейсін ашу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Бұл осындай алғашқы әуе бағыты болады.
Бізде барлық қажетті рұқсаттар бар, бірақ біз нарықтың әлеуетін зерттеп, жергілікті билікпен келіссөздер жүргізуіміз керек. Сондықтан оның іске қосылу күні әлі анықталған жоқ. Пусаннан Алматыға ұшу Инчхоннан 20 минутқа ұзағырақ болады. Өйткені Пусаннан әуе бағыты Инчхоннан 200–300 шақырым алыс. Әуе компаниясы Алматыны Орталық Азияның басты қаласы және қақпасы деп атайды. Ал корей туристік сайттарының бірі Алматы маңындағы 5 көрікті жерлерді ұсынған. Бұл Қайыңды көлі, Шарын шатқалы, Кафедралды шіркеу, Шымбұлақ және Үлкен Алматы көлі. Елдегі ең ірі туристік компания жаңа рейске үлкен үміт артып отыр.
Чан Хи Вон, туристік компания өкілі:
- Біздің компания 2022 жылдан бастап Орталық Азияға турларды сатумен айналысады. Ол жақтағы елдерге саяхаттағысы келетіндердің саны жыл сайын артып келеді. Ал жаңа бағыттың іске қосылуымен Алматыны көргісі келетіндердің қарасы тіпті көбейеді деп ойлаймын. Туристердің басым бөлігі орта және егде жастағы адамдар. Олар көбіне аймақтың бірнеше елін бірден аралауды жөн көреді. Әсіресе көктем мен күз кездеріндегі турларға сұраныс жоғары.
Владислав Цой, тілші:
- Компания өкілдерінің айтуынша жаңа рейске билеттер сатыла бастаған. Жолаушылардың көбі жастар.
Владислав Цой, Ольга Лян
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz