RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда «Адал азамат» жобасының жеңімпаздары марапатталды

21.02.2025, 23:45 568

Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен өткізілген ерекше байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған. 

Комиссия 7 аталым бойынша үздік өкілдерді анықтады. Олардың қатарында  ұстаздар, мәдениет майталмандары, еңбек адамдары, дәрігерлер, құтқарушылар сынды түрлі сала үздіктері бар. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды. Шара аясында ҚХА республикалық ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Елдің әр түкпірінен келген зиялы қауым өкілдері  жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, елге қызмет ету, ынтымақ пен бірілкті арттыру мәселелерін талқылады.

Нұрлан Сәтмағамбетов, Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның кеншісі:

- Мен 1988 жылы келдім. Училищені бітіргем Майқұдықта. Міне 37 жыл істеп жатырмын сонда. Мен мамандығымды мақтан тұтамын өзім енді неше жыл істеп келем. Еңбектің еленгені деп ойлаймын енді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz