RU
Толық нұсқаға өту

Сенатта мемлекеттік аудитті жетілдіру мәселелері талқыланды

26.02.2025, 21:20 414

Былтыр елде жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 340,9 млрд теңгенің заңбұзушылықтары анықталды. Бұл туралы Сенатта өткен мемлекеттік аудит тетіктерін жетілдіру және бюджет шығыстарының ашықтығы мәселелеріне арналған жиында айтылды.

Жоғары аудиторлық палата өкілдері тексеру комиссияларын кадрмен қамтамасыз етудегі проблемаларға тоқталды. Аудиторлардың еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттігі, сондай-ақ мемлекеттік аудитті цифрландыру мәселелері қамтылды. Сенат комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру қаржы, бюджет және салық тәртібін нығайтуға, сондай-ақ мемлекет қаржысын игерудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Отырыс соңында қатысушылар қаржы бақылау органдары арасындағы үйлестіруді күшейтуге уағдаласты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz