Биылдан бастап бірде-бір мемлекеттік орган прокурордың келісімінсіз инвесторларға қатысты тексеріс тағайындауға, әкімшілік жауапқа тартуға және олардың қызметін тоқтатуға құқылы емес.
Бұл туралы сала мамандары брифингте баяндады. Облыстық және республикалық пулдың инвестициялық жобалары прокурорлық сүзгіден өтеді. Қазір 42 трлн теңгенің 900 жобасы прокурорлар назарында. Инвесторларды қорғау мәселесіне қатысты 220 қадағалау актісі енгізіліп, мемлекеттік органдардың 60 актісі күшін жойды. Сонымен қатар 140 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
Ризат Смағұлов, ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары:
- Прокурорлық сүзгіні Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің жүйелерінде толығымен цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Олардың аяқталуы осы тоқсанның соңына жоспарланған. Бүгінде инвесторларға қатысты тексерулерді және әкімшілік іс жүргізуді бастау бойынша шешімдерді келісу Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің ақпараттық жүйелерінде цифрландырылған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz