RU
Толық нұсқаға өту

Елордада үздік үкіметтік емес ұйымдар марапатталды

27.02.2025, 18:58 691

Астанада үздік үкіметтік емес ұйымдардың еңбегі бағаланып, ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды 24kz.

Атап айтқанда, азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» бірлестігінің басқарма төрайымы Айгүл Соловьева «Еңбек ардагері» медалімен, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің президенті Баян Ахметжанова да осындай төсбелгімен марапатталды. Шара Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай ұйымдастырылған. Салтанатты жиында түрлі салада еңбектеніп жүрген 30-ға тарта бірлестік пен ұйым мүшелері құрметке бөленді. Мемлекет Үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды жыл сайын арттырып келеді. Өткен жылдың өзінде 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Айта кетейік, елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді.

Баян Ахметжанова, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің президенті:

- Ол ардагердің бірінші мақсаты қарт кісілердің құықықтарын қорғайтын заң кіргіземіз деп ашқанбыз. Енді сол мақсатқа жақын қалдық деп ойлаймыз. Енді бүгін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдардың күнінде әріптестерімді мерекемен құттықтаймын. Ардагердің ең үлкен жұмысы, 15 жыл жүріп істегеніміз, «Белсенді ұзақ өмір» деген орталықтар ашылды ғой, соған біз 15 жыл жүріп, әрбір жерге хат жазып, кездесіп, бәріне ұсыныс айтып, сол орталықтардың жұмыс істегеніне өзім бақыттымын!

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz