RU
Толық нұсқаға өту

Шемонаиха қаласында салынатын көпір халықаралық транзитті дамытады

27.02.2025, 19:25 453

Шемонаиха қаласында халықаралық көліктік-логистикалық желіні байланыстыратын көпір салынады, деп хабарлайды 24kz.

Қазір өткелдің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Маңызды нысан Қазақстан, Қытай, мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді.

Шемонаиха транзиттік қала. Ресейдің Алтай аймағы іргеде тұр. Бірақ екі жақты байланыстыратын біржолақты апатты көпірде көлік кептелісі жиі болады. Мысалы бағдаршамның жасыл белгісіне бір мезетте 30 жүк көлігі қозғалады. Сондықтан өңірде Үбі өзені арқылы жаңа өткел салу шешімі қабылданды. Жоба құны – 8 млрд теңге. Көпірмен тәулігіне 3 мың көлік қатынай алады.

Блиц 1:

- Әрине, бұл халықаралық жобалардың жүзеге асуына оң ықпал етеді. Әрі шекаралас әріптестік дамды.

Блиц 2:

- Көлік өте көп. Оның үстіне көпір апатты деп танылған. Қанша жөндегенмен, пайда жоқ.

Бұл көпір Қазақстан, Ресей мен Қытай елдерінің сауда-экономикалық байланысын арттыруға жол ашады. «Жоба наурыз айында дайын болуы керек», - дейді мамандар.

Нұржан Жұмаділов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Енді мемлекеттік сараптама шамамен 45 жұмыс күні ішінде қарастырылатын болады. Бұл енді маусым айының ортасына таман жоба аяқталып, егер мемлекеттік сараптама алатын болсақ, біз автомобиль жолдары комитетіне ұсыным беретін боламыз.

Осылайша, еліміздің шығысында ірі көліктік хаб құрылады. Қытайдан Қазақстанға Бұқтырма көпірі арқылы транзиттік жол бар. Онымен күніне 170 мың көлік өтеді. Ал Шемонаихада салынатын жаңа өткел Ресейге шығатын бағыт болады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz