Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бұл іс бойынша 22 айыпталушы заң алдында жауапқа тартылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ 2017-2023 жылдары жұмыс істеген. Оның құрамында психиатр-дәрігерлер, нотариус, риелторлар және бұрын құқық қорғау саласында жұмыс істеген қызметкерлер бар. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, олардың басты мақсаты – өзгенің жылжымайтын мүлкін заңсыз жолмен иемдену болған. Оларға адамдарды ұрлау, кісі өлтіру және психикалық ауытқуы бар қарттарды зорлық-зомбылықпен баспанасынан айыру бойынша айып тағылды. Тергеу барысында жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 668 миллион теңге деп бағаланды. Бүгін сотта сөз алған мемлекеттік айыптаушы қылмыстық топ мүшелерін 8 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.
Нұрасхан Мырзалы, мемлекеттік айыптаушы:
- Қылмыстық іске қатысы бар барлық азамат атқаратын міндеттерді алдын ала бөлісіп алған. Сотқа дейінгі тергеу оларға 37 эпизод бойынша айып тақты. 29 пәтердің заңсыз сатылғаны белгілі болды. Сондай-ақ қайтыс болғандарға және психикалық аурулары бар азаматтарға тиесілі 2 пәтерді сатуға талпынғаны анықталды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz