RU
Толық нұсқаға өту

Жезқазғанда белсенділер қаржы алаяқтарынан қорғану жолдарын талқылады

27.02.2025, 21:05 462

Жезқазғанда үкіметтік емес ұйым өкілдері күмәнді жобалар мен құмар ойынға тәуелділіктен қорғану жолдарын талқылады, деп хабарлайды 24kz.

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған «Қаржылық қауіпсіздік» форумына қала тұрғындары да қатысты. Онда қаржыны басқару және күдікті жағдайға тап болғанда қалай әрекет ету жолдары талқыланды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандары қаржылық алаяқтықпен күрес шаралары туралы айтты. Мәселен былтыр өңірде 100 ден астам адамды алдап соққан қаржы пирамидасы әшкереленді.

Манат Амантаева, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:

- Қаржылық пирамидалардың қандай белгілері бар? Оларды қалай анықтауға болады және оларға қатыспау. Осы жөнінде сөз қозғалды. Қоғамда біз жұмыс кездесулерін жүргізген кезде өте жақсы қабылдап жатады. Сұрақтары болады, оған түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз және осы форумда да қызықты болды деп ойлаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz