Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай департаментінің жедел-құтқару жасағы мен әскери бөлім қызметкерлері мұз оюға кірісті, деп хабарлайды 24kz.
Әйтпесе, тасу қаупі бар өзендерде мұз кептелісі болуы мүмкін. Олар екі күн ішінде мыңға тарта ойық ойып, 500 метрге жуық мұз қабатын кесіп шықты. Бұл жұмыстарға арнайы қондырғы мен мотобұрғылар қолданылуда.
Нұралы Мусиев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:
- Жыл сайын өткізіледі. Яғни, су арнасының бұрылыстарында өткізілетін аталған жұмыстар ертең мұз қозғалысы кезінде мұздың ұсақталып, кептеліс болдырмауы үшін өте тиімді. Жұмыстар Шаған, Деркөл өзендерінде жүргізілуде. Орал қаласында 10 учаскеде жүргізу жоспарланып отыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz