RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды

27.02.2025, 22:36 580

Алғыс айту және партия күні қарсаңында елдегі үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды, деп хабарлайды 24kz.

Байқауға еліміздің әр аймағынан 4 мыңға тарта саяси ұйым қатысқан. Қазылар алқасы Алматы облысы, Астана және Шымкент қалаларының бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жоғары бағалады. Ал қоғамдық қабылдау бөлімдері арасында Түркістан облысының филиалы оза шапты. Салтанатты шарада «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов бастауыш партиялардың қоғамдағы беделін атап өтті. «Халық сұранысына алғашқылардың бірі болып үн қатып, әлеуметтік мәселелерді шешуде рөлі айрықша», - деді ол. Сондай-ақ түрлі салада еңбек етіп жүрген 16 белсенді азаматқа партия билеті табысталды. Олардың қатарында ақын-жазушылар, спорт саласының майталмандары мен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары бар.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:

- Cоңғы бірнеше жылда «Amanat» партиясы үлкен трансформациядан өтті. Біз жұмыс тәсілін түбегейлі өзгерттік. Соның нәтижесінде халық тарапынан үлкен сенім мен қолдауды көріп отырсыздар. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесіне сәйкес партия көтеріп жүрген мәселелердің көпшілігі халықтың сенімінен шығып отыр. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауы мен сөздерінде партияның рөлін айрықша атап өтеді. Бұл біз үшін үлкен абырой.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz