RU
Толық нұсқаға өту

Құрма бізге қайдан келеді?

28.02.2025, 07:25 1260

Ертең ораза басталады. Исі мұсылман баласы ауызашар береді. Жайылған дастарқанда ұлттық тағамдар, түрлі жеміс-жидек болатыны анық. Олардың ішінде құрма да бар. Ал енді осы құрманың қасиеті қандай? Мұны не үшін дастарқанға қоямыз? Жемістің қандай түрлері бар. Әрі-беріден соң ысырап деп жатамыз ғой бір есептен, осы құрманың қаншасын жеуге болады екен? Бәлкім келілеп жейтіндер бар шығар?

Құрма – Қазақстан нарығында сұранысқа ие өнім. Былтыр елге 39 мың тоннаға жуық құрма әкелінді. Оның 71%-і Иранға, 10%-і Алжирге тиесілі. Ал қалғаны Тунис, Қытай, Иордания және Сауд Арабиясынан жеткізілді. Мысыр мен Түркия да былтыр алғаш рет өз өнімін біздің елге экспорттады.

Елге келді – 38,7 мың тонна

Ираннан – 27,6 мың тонна

Алжирден – 3,9 мың тонна

Сауд Арабиясынан – 938,6 тонна

Тунистен – 794,5 тонна

Қытайдан – 523,6 тонна

Иорданиядан – 436,5 тонна

Иә, құрманың қайдан келетінін білдік. Енді пайдасына көшейік. Құрмада ақуыз, көмірсу, май үшеуі бірдей түзілген. Жеміс сонысымен ерекше һәм пайдалы. Сол себепті оны көп тұтынуға болмайды. Мамандар осылай дейді.

Бағай Назарбайұлы, нутрициолог:

- Құрма жемісінде ақуыз, көмірсу, май үшеуі бірдей түзілген. Ал мұндай жемістер өте аз. Бұл сонысымен ерекшеленеді. Ал біз оны көп пайдаланып қоятын болсақ, ағзаға кері әсерін береді. Күніне құрманы ең тиімдісі 4-5 дәннен асырмау керек. Ал қалыпты нормада үш дәннен пайдаланып отырған дұрыс болады.

Рамазан айына қарсы құрмаға сұраныс жоғары. Сәйкесінше баға да тұрақсыз. Осы себепті ҚМДБ негізсіз баға көтермеуге шақырады.

Елбек Тасболатұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы:

- Енді жалпы адамдардың қажетіне керек болатын нәрсені орынсыз немесе негізсіз бағаны көтеру дініміз құптамайды. Бәлкім, осы керісінше Рамазан айында бағаны барынша халыққа тиімді етіп, беріп жатса үлкен сауапқа қалады деп ойлаймыз.

Иә, бүгін иісі мұсылман баласы ауыз бекітеді. Осы кезде яғни Рамазан айында дастарқаннан құрманың үзілмейтіні анық. Дегенмен әр адам күніне 5 құрмадан артық тұтынбағаны жөн. Осыны біле жүрейік.

Авторлары: Әлішер Әли, Сержан Айтжан

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz