Ақмола облысында аэрация жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24KZ. Бұл шараға балық инспекциясымен қатар әуесқой балықшылар да белсенді қатысты. Олар өңірдегі өзен-көлдердің мұзын ойып, суға оттегі жіберіп жатыр. Бұл шаралар су маржандарының жаппай қырылуына жол бермеу үшін жасалды.
Аймақта 600-ден астам ірілі-ұсақты су айдыны бар. Қазіргі уақытта олардың 150-де мұз ою жұмыстары басталды. Биыл өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығы 30 сантиметрге дейін жеткен. Бұл су астындағы тіршілік иелерінің тынысын тарылтып, әсіресе балықтардың оттегі тапшылығына ұшырауына себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты табиғат жанашырлары мұз бетінде ойықтар жасап, су айдындарындағы экожүйені қолдауға атсалысып жатыр.
Ерлан Қосмағанбетов, «Есіл» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:
- Облыс аумағында орналасқан 150-ден астам көлдерде балықтың қырылуын алдын алу мақсатында мелиоративті жұмыстар атқарылып жатыр. Жұмыс барысында 12 мың дана лункалар және 400-ден астам дана майны орналастырды. Бұл жұмысқа облыс аумағында 240 адам және 50 бірлік әртүрлі техникалар жұмылдырылды.
Ал сақылдаған сары аязда мұз ойып, суға оттегі жіберу де оңай шаруа емес. Десе де бұл жұмыс әр көлдің көлеміне қарай жасалады. Бұл ретте сала мамандарына әуесқой балықшылар мен қорықшылар көмекке келеді.
Михаил Черковский, балықшы:
- Бір маусымда шамамен 5-6 рет ойық ойып, балықтарға ауа жіберіп тұрамыз. Бұл жеткілікті. Мұзды ойғаннан кейін міндетті түрде бір бау қамыс саламыз. Өйткені ойған жер қайтадан мұз қатып қалуы мүмкін. Ал мына сабан арқылы су астындағы балықтарға оттегі жетіп тұрады. Біздің көлде балықтың түр-түрі бар. Биыл алғаш рет алабұға балығы пайда болды.
Дмитрий Ястремский, қорықшы:
- Қазір біз Балықтыкөл өзеніндеміз. Мұндағы аэрация жұмыстары 7 техника мен екі мотопомпа жұмылдырылған. Таңнан бері 8 ойық ойдық. Ал бұл жұмыстардардың нәтижесін көктемде көреміз.
Жалпы табиғи құбылыстардан бөлек, аймақта балық қорының азаюына браконьерлік те үлкен қауіп төндіреді. Мәселен, жыл басынан бері заңсыз балық аулаудың 25 дерегі тіркелсе, өткен жылы 360 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz