RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысындағы ең үлкен су қоймасы жөнделеді

28.02.2025, 08:20 820

Ақтөбе облысындағы ең үлкен Қарғалы су қоймасы күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды 24KZ. Жарты ғасыр бойы қызмет етіп келе жатқан гидротехникалық нысанның бетон бөгеттері ескірген. Қазір құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр.

Бұл Ақтөбе облысындағы ең үлкен Қарғалы су қоймасы. Тау-тастың арасындағы жасанды көлге 280 млн текше метр су сыяды. Қазір мұнда шамамен 80 млн текше метрі бар. Алайда синоптиктер наурызда жауын-шашын көп болады деп болжам айтып отыр. Сондықтан тағы да 150 млн текше метр су қоры жинақталуы тиіс.

Оның өзі су қоймасының жобалық деңгейінен төмен. Сондықтан мамандар: «Жағалауын бекіту жұмыстарын биылдан қалдырмай жүзеге асырған абзал», – дейді. Ал көктемгі тасқынға гидротехникалық нысан тас-түйін дайын.

Тимур Тілеуов, «Қазсушар» РМК АФ өндірісті ұйымдастыру және басқару инженері:

- Былтыр «текущий ремонт» дейміз ғой. Тростарын, жарығын – барлығын ауыстырдық. «Периметральное ограждение», жарық жүйесі, сигнализация – бәрін қондырдық. Енді тағы айтып өтетін болсам, биыл реконструкцияға 140 млн теңгеге ЖСҚ жасалып жатыр.

Былтыр қарғын судан зардап шеккен бес ауданда су бөгеттері қайта жөнделген еді. Елді мекендерді қызыл судан қорғайтын 19 гидротехникалық нысан қалыпқа келтіріліп, кей жерлерге жаңасы салынған.

Бекболат Нұрашев, облыстық табиғи ресурстар және ТПР басқармасының бөлім басшысы:

- Бүгінде 19-дың қазір 13-ін тәмамдап, алтауында аяқталуға жақын. Көктемгі су тасқынына дейін толықтай аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бөгеттердің құрылысына «Демеу» қорынан 4 млрд жәнее жергілікті бюджеттен 3,3 млрд теңге қаржы бөлінді.

Қазір өңір басшылығы мен жауапты мекемелер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын күшейткен. Себебі синоптиктер облыс орталығы мен бірнеше ауданда жердің тоңы былтырғыдан 1,5-2 есе тереңге бойлағанын айтты. Егер қар бір демде ерісе ауыл-аймақты су басады деген қауіп бар.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz