RU
Толық нұсқаға өту

Тасқын: Абай облысында 22 учаске қауіпті аймақта тұр

28.02.2025, 12:25 424

Абай облысында 22 учаске көктемгі су тасқыны қаупі бар аумақта тұр, деп хабарлайды 24KZ. Қазір өңірде көктемгі ықтимал тасқынға қарсы дайындық басталды. Арнайы топ елді мекендерді аралап, су қоймалары мен бөгеттердің жағдайын бақылап жүр.

Аймақта 103 көпір және 1500-ге жуық су құбыры бар. «ҚазАвтоЖол»ҰК» Абай облыстық филиалының өкілдері 6 мың текше метр инертті материал әзірленіп, 20 мың қап сатып алынғанын айтты. Жалпы Абай облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына 50 млн теңгеден астам қаржы бөлінбек.

Айтбек Бияхметов, «КАЖсервис» ЖШС Абай облыстық филиалының бас инженері:

- Біздің жолдарда түгелдей жұмыс қарқыны іс-шара жоспарына сәйкес жасалып жатыр. Абай облысы бойынша бүкіл құбырларымыз ашылып жатыр. Ұйымдастыру шаралары жүріп жатыр. Осылайша су тасқыны шаралары жасалып, болмайды деген сенімдеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz