RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда қылмыстық топтарға қатысты 25 іс қозғалды

28.02.2025, 12:35 667

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 25 іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Оның ішінде бірінші рет трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлығы 100-ден астам адам ұсталған. Арасында шетелде де ауыр қылмыс жасағандар бар. «Қазір өзге құрылымдармен бірлесе мемлекетаралық деңгейде шаралар қабылданып жатыр», – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, мемлекетаралық деңгейде дәлелдемелік базаны жинау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылып жатыр. Барлығы 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылып отыр. Бандитизмге қарсы күрес ІІМ-нің ерекше бақылауында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz