RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі 40 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды

28.02.2025, 13:30 515

Елдегі 40 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның 30-дан астамы аудандық деңгейдегі судья болса, біреуі – облыстық соттың төрағасы. Бұл туралы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылы Сот жюриі жалпы 77 тәртіптік істі қарады.  Көбінде міндеттілер сот төрелігі барысында заңды белден басқан, судьялық әдеп кодексін сақтамағандықтан, жауапқа тартылған.

Айта кетейік, Сот жюриі барлық сот сатысындағы судьяларға қатысты тәртіптік істер мен материалдарды қарау жөніндегі уәкілетті орган саналады. Бүгінде аталған институт сот төрелігін іске асырудың жаңа тетіктерін енгізді. Бұдан былай сот жюриінің құрамы 9-дан 15 адамға кеңейтілді.

Нұржан Қайыпжан, ҚР Жоғары Соты Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы:

- Сот жюриі республикада 2600-дей судья қызметте. Солардың барлығының тәртіпптік жазасын қарайтын сот органы. Тәртіптік жаза болғанда сот ісін қарай барысында жіберілген өрескел заңбұзушылықтар, қызмет бабында не қызметтен тыс сот әдебі кодексін бұзған судьяларды тәртіптік жазаға тарту көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz