Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі:
- Қазақ тілі ұлттық бірегейлігіміздің нышаны, ел бірлігін нығайта түсетін басты құндылығымыз. Оны білім мен ғылымның ғана емес, бизнес пен технологияның тіліне айналдыру негізгі міндеттің бірі. Мемлекеттік тілді құрметпен, кеңінен насихаттау Қазақстанның әрбір азаматының қастерлі парызы. Осы орайда қоғамның қызметіне белсене атсалысын жүрген жанашыр жандарға шынайы ризашылық білдіремін.
Бүгін Астана қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайы өтті. Отырысқа Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты. Съезге келгендерге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Мемлекеттік кеңесші өз сөзінде маңызды жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру арқылы қазақ тілін барынша насихаттаудың және оның қолданылу аясын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ерлан Қарин, сондай-ақ қазір қазақ тіліндегі цифрлық контенттерді көбейтуге, білім беру жүйесін әдістемелік тұрғыдан қолдауға және ІТ саласындағы жетістіктерді тіл мәселесін шешу үшін тиімді пайдалануға ерекше мән беріліп жатқанын жеткізді. Съезд делегаттары Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 2023-2024 жылдары атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы кезеңнің басым бағыттарын белгіледі.
Рауан Кенжеханұлы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
- Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бұған дейінгі құрылтайы 2023 жылдың жазында өтті. 2024 жылға жасақталған іс-қимыл жоспары толықтай дерлік орындалды. Жалпы саны қырыққа тарта республикалық және халықаралық деңгейдегі шаралар өтті. Бірқатар ауыз толтырып айтарлық ауқымды жобалар іске асты.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz