RU
Толық нұсқаға өту

Судьяларды іріктеу барысы оңтайландырылды

28.02.2025, 19:00 519

Елімізде судьяларды іріктеу барысы оңтайландырылды. 

Мәселен, судья лауазымына біліктілік емтиханы бұрын жылына төрт рет өткізілсе, қазір 12 есеге ұлғайды. Әрі біліктілік комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу апта сайын өткізіледі. Бұрын мұндай кездесулер айында бір жүргізілетін. Яғни әділдік иелерін жұмысқа қабылдау барынша ашық түрде жүргізілмек. 

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- Жалпы сот жүйесін жаңғыртуда былтыр судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейту үшін заңнамалық түзетулер қабылданғаны белгілі. Енді Судья тарапынан болған өрескел заң бұзушылыққа қатысты барлық іс тікелей  - Сот жюриінің қарауына жіберіледі. Яғни төрелігін айтатын әділдік иелерінің  тәртіптік ісін қарайтын  уәкілетті орган осы - Сот жюриі. Ал бұған дейін заңды белден басқан судьяларға қатысты материалдар Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және облыстық соттардың шешімдерімен қазылар алқасына жіберілетін. Бұл әдіс бұған дейін ешқандай нәтиже бермеді. Олардың басым бөлігі тиісті жауапқа тартылмады. Сот төрелігіндегі бұл өзгеріс судьялардың жұмысына деген сенімді арттыра түседі, - дейді сала мамандары.

- Сот жюриіне бұған дейін қанша шағым түскен? Нақты жауапкершілікке тартылғандар бар ма?

Айнұр Қуатқызы тілші: Иә, былтыр Сот жюриі 77 тәртіптік істі қараған. ... Соның ішінде 40 судья  жауапкершілікке тартылды. Оның  1-еуі тіпті облыстық соттың төрағасы, қалған  31- і аудандық деңгейдегі судья, 5-еуі аудандық және оларға теңестірілген сот төрағасы, 2 судья облыстық соттан екені белгілі. Тек 21 маман ескертумен құтылса, 13-і сөгіс алды.  Жауапқа тартылған судьялардың көбі  сот төрелігін іске асырар тұста заңды өрескел бұзған.

40 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды

1 - облыстық соттың төрағасы,

31-  аудандық судья,

5 - аудандық және оларға теңестірілген сот төрағасы

 2 - облыстық сот судьясы жазаға тартылды.

21 судья – ескерту алды

13 судья -  сөгіс алды

Нұржан Қайыпжан, ҚР Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриінің төрағасы:

- Судья сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін ғана тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен қатар, судьялық этикаға қайшы келетін теріс қылық жасағандар да жауап береді. Лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған соттар мен сот алқасының төрағалары жазаға тартылады. 

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- Ал судья өзінің тәртіптік ісін қарау кезінде адвокаттарын қатыстыруға құқылы. Яғни ақталуға мүмкіндік беріледі. Заңда судьяны сот жюриіне жіберілгенге дейін барлық материалмен таныстыру жөніндегі талап бар. Сондай-ақ ол  заң кеңесшілерін де тарта алады. Ал Сот жюриінің шешімдерімен келіспеген жағдайда, судья Жоғары Сот Кеңесіне шағымдана алады.

Қуаныш Сәлімжан, ҚР Жоғары сот кеңесі аппараты сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі:

- Бүгінде судьялардың әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны туралы дәлелдер келтірілетін өтініштері ғана тексерілуі мүмкін. Мұндай шағымдар түскен кезде облыстық соттар мен Жоғарғы Соттың жанындағы судьялық әдеп жөніндегі комиссияларға жіберіледі. Яғни, судьяларға қатысты тексеру жүргізу құқығы тек сот органдарына ғана берілген.

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- Айта кетейік, қазір Сот жюриінің құрамына Жоғарғы Соттың 4 судьясы, облыстық соттардың 5 судьясы және аудандық деңгейдегі 4 судья кіреді. Ал сот жюриінің құрамы 9-дан 15 адамға көбейді. Бұл өте маңызды істе салмақты шешімдер қабылдауға ықпал етпек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz