Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласы маңындағы шахтада болған төтенше жағдайдан 4 кенші зардап шекті.
«ҚазХром» акционерлік қоғамына тиесілі Дөң тау-кен байыту комбинатында бұрғылау кезінде сутегі шашылған. Салдарынан 4 жұмысшыны күйік шалды. Оқиға кезінде шахтада 228 жұмысшы болған. Олардың барлығы да қауіпсіз жерге шығарылды. Кен орнының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл оқиғаға қатысты тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.
Людмила Волненко, Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Оқиға орнынан 4 жұмысшы аудандық ауруханаға жеткізілді. Екі адам травматология бөліміне жатқызылды. Бір жұмысшыны үйіне қайтардық. Тағы бір зардап шеккен адам реанимация бөлімінде ауыр халде. Барлығына да тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz