RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда «Қауіпсіз қала» аясында рейд өтті

28.02.2025, 20:00 387

Павлодарда компьютерлік клубтар мен ойын - сауық орындары тексерілді.

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында өткен іс-шараға белсенді жастар мен полиция қызметкерлері қатысты. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды  мақсат еткен жоба тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Бұл жолы рейд тек түсіндіру жұмыстарымен шектелді. Ұйымдастырушылар жасөспірімдермен  кездесіп,  мекеме басшыларын олардың  жауапкершігі туралы ескертті.

Рада Прохорова, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік инспектор:

- Жасөспірімдер құқығы бұзылған жағдайда мекеме басшысы немесе әкімшісі  ҚР Әкімшілік Кодексінің 132-бабы  бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мерғали Жүсіп, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

- Жалпы «Қауіпсіз қала» жобасы ол қаланың қауіпсіздігін арттыруға және де жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға ықпалын көтеруге көмектеседі деп ойлаймын. Бүгін біз профилактика ретінде ескертулер жасадық. Бірақ келесі біздің рейдіміз оннан кейін тек ескертулермен ғана шектелмейтін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz