Талдықорғандағы «Достық» үйінде қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін орталық ашылды.
Көрнекі құралдармен жабдықталған бұл бөлім, халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен тұрмыс-тіршілігін таныстырады. Мұнда көпшілікке арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, әсіресе шетелдіктер мен жасөспірімдерге ұлттық дәстүрлеріміз насихатталады. Сондай-ақ орталықта, ұлттық мерекелер кеңінен тойланып, қоғамдық бірлестік өкілдері аудандарды аралап, көшпелі көрме өткізуді де жоспарлап отыр. Жаңа орталық облыстық, Қазақстан Халқы Ассамблеясына қарасты 20-дан аса этномәдени бірлестікпен бірлесе жұмыс істеп, ел бірлігін нығайту мен ынтымақтастықты арттыруға үлес қоспақ. Айта кетейік, мұндай орталық өңірде бұған дейін де болған, алайда 2022 жылы облыс бөлінгеннен кейін қайта жасақталды.
Абылай Қожақов, «Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі орталығы» ҚБ Төрағасының орынбасары:
- Биыл Ассамблеяның құрылғанына отыз жыл. Осы отыз жылдыққа байланысты біз жетпістен аса шара өткіземіз. Соның бәрі осы бастап таныстыру арқылы, қазақ мәдениетін салт-дәстүрін таныстырудан басталады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz