RU
Толық нұсқаға өту

Атырау өңірінде ана мен бала өлімі азайған

28.02.2025, 22:00 426

Атырау облысында соңғы жылдары ана мен бала өлімі 2 есе азайған.

Перинаталды өлім деңгейі 8,3 пайызға төмендеді. Былтыр ана өлімі тіркелмеген. Дегенмен, салада өзекті мәселелер бар. Мысалы, балалар кардиологы тапшы. Сондай-ақ облыстық перинаталдық орталық пен балалар ауруханасына жаңа ғимарат керек. Атырауға жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары медициналық нысандарды аралап көрді. Мәжіліс жанындағы қоғамдық палата мүшелері мен жауапты министрлік өкілдері көшпелі отырыс өткізіп, өңірге кадр тарту, ғимараттарды жаңарту мәселелерін талқылады. Көрсеткіштерді әлі де жақсарту маңызды, дейді депутаттар.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Соңғы екі жылда елімізде жалпы ана мен баланың өліміне байланысты көрсеткіш төмендеп келеді. Ол өте жақсы. Бұл жүйелі қабылданып жатқан шешімдерге және біздегі медицина саласындағы реформалардың нәтижесін беріп жатқандығы. Дегенмен, Атырау облысында біз бүгін үш инфрақұрылымдық объектілерге бардық. Ол жерде нақты мәселелері – бұлар қазіргі типтік объектілер болып саналмайды. Жаңадан үлкен объект қажет болады. Алдағы республикалық бюджеттің қаралуында біз осы мәселені арнайы ұсынатын боламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz