RU
Толық нұсқаға өту

Ассамблея жастары қайырымды істі қолға алды | Live

01.03.2025, 15:15 460

Павлодар халқы көктемнің алғашқы күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күнін тойлап жатыр. Мерекелік шаралар бірнеше алаңда өтеді деп жоспарланған. Ал Ассамблея жастары қайырымды істі қолға алыпты. Олар көше тазалығымен айналысатын коммуналдық сала еңбеккерлеріне қолдау көрсетпек. 

Көктемнің лебі сезіле бастаған. Күннің жылынғанын әсіресе қысы-жазы далада жұмыс істейтін адамдар асыға күтетіні анық. Бүгін Ассамблея жастары қала тазалығын қамтамасыз ету үшін ұзақ күн аязда, желдің өтінде жүретін коммуналдық сала еңбеккерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратты. Жалпы Павлодар қаласы бойынша күн сайын қала көшелерін тазартуға 30-ға тарта бригада шығады. Үш жүзге тарта адам көшелерде, саябақтарда, үй ауларында жұмыс істейді.

Дмитрий Бабулиди, «Эльпида»  грек этномәдени бірлестігінің жастар көшбасшысы:

- Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына - 30 жыл. Осы айтулы күннің құрметіне Павлодарда ескерткіш тақта ашылды. Ол Достық үйі ғимаратының қабырғасына орнатылып, халықтар достығы мен бірлігінің жаңа символына айналды. Одан кейін аймақта тұратын барлық ұлт өкілдері форумда бас қосты. Екі жүзден астам адам этносаралық келісім, ұлттық дәстүр, халықтар достығын нығайту жолдарын талқылады және «Алғыс елдің бәріне» мерекелік концертін тамашалады. Сонымен қатар бүгін трамвайларда Ассамблея жастары жолаушыларға құрт таратты.

«Олар тәттінің орнына қышқыл құртты таратудың астарында үлкен мән-мағына жатыр», - дейді. Бұл ең алдымен ұлттық тағам арқылы қазақ халқына көрсетілген құрмет екен. Екіншіден депортацияға ұшыраған ұлттар зобалаң жылдардың ащы дәмін ешқашан ұмытпайтынын осы құрт арқылы жеткізгісі келген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz