RU
Толық нұсқаға өту

Сенат жанындағы «Талдау мектебінде» оқудың төртінші кезеңі аяқталды

01.03.2025, 17:15 521

Сенат жанындағы «Талдау мектебінде» оқудың төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

Қорытынды жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. Сегіз аптаға жалғасқан жоба барысында қатысушылар талдаудың жаңа қырларын меңгерді. Олар сарапшылармен бірге жұмыс істеп, топтық баяндамалар әзірледі. Биыл облыстардан келген қатысушылар саны үш есе артты. Төртінші кезеңнің қорытынды күнінде командалар әзірлеген баяндамаларын таныстырды. Онда білім берудегі инклюзия, гендерлік теңгерім, заң шығару қызметіндегі жасанды интеллектің рөлі қамтылған.

Мәулен Әшімбаев, ҚР парламенті Сенатының төрағасы:

- Бірнеше аптаға жалғасқан оқу кезінде сіздер жеті негізгі бағыт бойынша топтық баяндамалар даярладыңыздар. Олардың бәрі Қазақстанның стратегиялық мүдделерін көздейді және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындап берген бағдардың күн тәртібімен үндес. Осы бағыттар бойынша өздеріңіз аналитикалық материалдардың тақырыптарын ұсындыңыздар. Сіздердің жұмыстарыңызды талдай отырып, біз тек түпкілікті нәтижені ғана емес, сонымен бірге дайындық процесін, яғни, деректерді жинау мен талдаудан бастап тұжырымдар мен ұсыныстарды дәлелдеуге дейінгі еңбектеріңізді бағаладық. Осы ретте биыл баяндамалардың деңгейі айтарлықтай жоғары екенін атап өткім келеді.

Руслан Нұрлыбаев, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» түлегі:

- Біз өңдеу өнеркәсібі бойынша талдау жұмыстарын дайындадық 8 аптаның ішінде. Талдау мектебі бізге үлкен тәжірибе берді. Бұл саланы дамыту арқылы, яғни, талдау жұмыстарын дамыту арқылы біз экономиканың белгілі бір бағыттарын жақсартуға болатынын түсінеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz