Еңбек сіңірген спорт шебері Мақсат Жұмаев бастаған қазақстандық альпинистер тобы әлемдегі ең биік 7 шыңның бірі – «Килиманджароға» шықты, деп хабарлайды 24kz.
Спортшылар бұл жетістігін Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнаған. Олар шың басында Көк туымызды желбіретті.
Спорттық іс-шараға еліміздің Альпинизм федерациясы қолдау көрсеткен. Килиманджаро шыңының ең биік нүктесі – Ухурудың биіктігі 5895 метрді құрайды. Бастамашы Мақсұт Жұмаев – биіктігі сегіз мың метр болатын барлық 14 шыңды бағындырған альпинист. Ол шыңдарға қосымша оттегін пайдаланбай көтеріле алған әлемдегі 12-ші альпинист.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz