RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордалық криминалистер қылмыскерлерді ЖИ көмегімен анықтайды

01.03.2025, 18:17 582

Қызылордалық криминалистер қылмыскерлерді жасанды интеллект көмегімен анықтайды, деп хабарлайды 24kz.

Ол үшін салаға озық технологиялар енгізіліп, мамандар даярланған. Бұл игіліктің қандай артықшылығы бар? Әріптесім Нұрлан Жақыпбек осы сауалға жауап іздеп көрді.

Өңірде криминалистика қызметі 1951 жылы құрылған. Сол уақытта қызметкерлер бір ғана фотоаппаратпен жұмыс істепті. Ал қазір мамандар озық ақпараттық жүйелерді пайдаланып отыр. Соның бірі – «Папилон» деп аталады. Электронды дактилоскопия саусақтың немесе алақанның іздерін салыстырады. Бұл құрылғы арқылы тексеру жұмысары санаулы минутта атқарылады. Ал былтырдан бастап сарапшылар кез келген бейнежазба арқылы адамның жеке басын анықтай бастады.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Полиция іздеу салған адамдар мына бейнебақылау камерасына түсіп қалған жағдайда «Полифейс» технологиясы арқылы деректер базасымен салыстырыла отырып, оның жеке басы анықталады. Мамандардың айтуынша, жасанды интеллектің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қылмыскерді ұзаққа жібермейді. Бұл бағдарламаның көмегімен адамның ең ұсақ ерекшеліктерін де тануға болады екен.

Қуаныш Шілдебаев, облыстық ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисті:

- Бұрынғы таңда картатека арқылы қылмысты ашуға ұзақ уақыт кететін болса, қазір осы «Полифейс» арқылы уақытты үнемдеп, тез-тез қылмысты ашуға үлесін қосып отыр қазір. Бір күн, екі күн уақыт кететін, қазіргі таңда «Полифейс» арқылы 5-10 минуттың ішінде анықтап жатырмыз.

Алтынбек Әлімов – он жылдан астам тәжірибесі бар баллистик. Ол «КУБ» және «Спрут» атты екі заманауи қондырғының қыр-сырын меңгерген маман. Айтуынша, бұл кешендер оқ пен гильзаның сәйкестігін жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

Алтынбек Әлімов, облыстық ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисті:

- Оқиға орнынан пуляның шамалы болса да, деформация болса да, ішінде кішкене нарезі көрінсе де, сол құрылғының арқасында соның барлығын анықтап жатырмыз.

Әділби Жүсіпов, облыстық ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы:

- Республикада ең алғашқы болып біз типтік үлгіде оқу-жаттығу полигонын салғанбыз. Былтыр ашылды. Оқу-жаттығу полигонында қазіргі кезде облыс көлеміндегі тергеуші, анықтаушы, учаскелік полиция қызметкерлері, жедел уәкілдерді және жол потрульдык полиция қызметкерлерін шақырып, сол жерде арнайы оқытып, үйретіп жатырмыз, қазіргі кезде.

Бүгінде өңірдің криминалистикалық қызметінде 43 сарапшы жұмыс істейді. Цифрлық технологиялар бір ғана шаш талшығы арқылы адамның қан тобын, жынысын және жасын анықтауға мүмкіндік береді. Шинаның ізіне қарап көліктің маркасын, оқтың ізінен қандай қарудан атылғанын анықтайды. Бұл жабдықтар қылмыстың ізін суытпай ашыуға көмектесуде.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Музарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz