RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеліктер Алғыс айту күнін атап өтті

01.03.2025, 19:13 472

Ақтөбеліктер татулықтың нышанына айналған Алғыс айту күнін атап өтті, деп хабарлайды 24kz.

Өңірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері мен өзге де сала өкілдері марапатталды. Облыс әкімі Асхат Шахаров өңір тұрғындарын мерекемен құттықтап, айтулы дата бейбітшілік пен келісімнің символы екенін тілге тиек етті. Ол өңір тұрғындарына, облыстың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:

- Бүгінгі мереке ауызбіршіліктің арқасында. Қоғам дамуы, көптеген пікір қалыптастыруы, жақсылықты асырып, қандай жағдай болса да, алдыңғы қатарда жүру осы Ассамблея мүшелерінің арқасы деп білеміз. Алғыс айту мерекесі, мен ойлаймын, ең бірінші өздеріңізге арналады. Осы Ассамблея мүшелеріне алғысымды айта отырып, бар жақсылықты тілеймін.

Хабиба Сарқұлова, Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының алғашқы меңгерушісі:

- Өте қуаныштымын Ассамблеямыздың 30 жылдығына шақырып, келіп тұрғаныма. Аса құрметті жерлестеріме, бұрынғы әріптестеріме, этномәдени орталықтардың басшыларына алғысымды айтамын. Бәріңізге денсаулық, зор бақыт, жұмыстарыңыз өрлей берсін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz