RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық ұлан әскерилері соғыс ардагеріне алғыс айтып, мерекемен құттықтады

01.03.2025, 20:18 605

с

Бүгін Василий Сердюковтің ауласында құрмет қарауыл ротасы саптық дефиле көрсетіп, Ұлттық ұлан оркестрі соғыс жылдарындағы әуендерді орындады. 98 жастағы қария ыстық естеліктерімен бөлісті. Айта кеткен жөн, Ұлттық ұланда «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы жалғасуда. Мұндай шаралар тарихи мұраны келешек ұрпаққа насихаттауға ықпал етеді.

Василий Сердюков, соғыс ардагері:

- Жеңіс күнін жақындатуға жанқиярлықпен үлес қосқан батырлар туралы естелік өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы керек. Тарихты қайта жазу мүмкін емес, тек оны оқып, өткенімізбен мақтана аламыз. Егер біздің жеңісіміз болмаса, сол кездегі Кеңес Одағының болашағы қалай қалыптасары белгісіз еді. Сан мыңдаған сарбаз құрбан болды. Олардың ерлігі мен мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Аян Есжанов, ҚР Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің командирі:

- Біздің ҰОС ардагері Сердюков Василий Антоновичті құттықтауға келіп отырмыз. Біздің ардагерлер соғыста өзінің өмірлерін аямай, жаман сөзіне ермей, намысын бермей, ел сенімін ақтап, абыройын сақтап, осы жеңіске жеткізіп отыр. Оны біз ешқашан ұмытпаймыз, мәңгі есімізде қалады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz