Бүгін Астанада «Хабар» телеарнасының 30 жылдық мерейтойы аясында бастау алған «Азамат» бағдарламасының қатысушылары ерекше кездесулер мен тренингтерге қатысып, жаңа білім мен тәжірибе жинады.
Бұл іс-шаралар еліміздің белгілі тұлғаларымен өткен шеберлік сабақтары мен әсерлі кездесулерімен толықты.
Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ театры мен киносының жарық жұлдызы Айнұр Бермұхамбетова және қазақ радиосының алтын дауысы, тәжірибелі диктор және журналист Мұхамедәлі Болатұлы теледебат ойындарының ерекшеліктері, жестикуляция және аудитория назарын өзіне аудару тәсілдері, камера алдында сөйлеу дағдылары, сахна мәдениеті тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізді.
Шараның басты мақсаты – жоба қатысушыларын телеэфирге дайындау, шешендік және сыни ойлау дағдыларын дамыту, пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру және жастарға кәсіби мотивация беру. «Азамат» жобасы арқылы пікірсайысшылар өз ойын ашық жеткізу, көпшілік алдында сенімді сөйлеу, ақпаратты талдау және өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау дағдыларын шыңдайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz