Талдықорғанда Қазақсатан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта ашылды.
Салтанатты іс-шараға этно-мәдени бірлестік өкілдері, депутаттар, жастар қатысты. Жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Аймақта алдағы уақытта 70-тен астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
Тұрған Зайытов, облыстық ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы:
- Бүкіл қазақ халқына өз халқымның атынан рақметімізді айтамыз. Қаншама этностар, ұлттар осы Қазақстанда жақсы өмір сүріп жатыр. Рақмет!
Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:
- Ассамблея ұлттық жаңа сапасын қалыптастыру, отаншылдық пен ынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды дәріптеу жолында айрықша роль атқарады. Сіздер еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін аянбай еңбек ете бересіздер деп сенемін. Жетістіктеріміз көп болсын. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz