Шымкенттік жас ғалымдар Қытайдан қалысар емес. Өзіміздің жастар тыңайтқыштың жаңа түрін ойлап тапты. Бұл жоба жердің құнарын, астықтың өнімділігін арттырмақ.
Тыңайтқышқа минералды заттарға бай отандық шикізат пайдаланылады. Инновациялық стартап жас ғалымдар арасындағы үздік ғылыми жұмыс ретінде танылған. Енді бұл жоба жыл соңына дейін өндіріске енгізілуге тиіс.
Жас ғалым Жүрсінай Серікбаеваның зерттеуі нәтижесінде минералды тыңайтқыштың құрамы түрлендірілді. Оның құрамындағы фосфор, азот, күкірт және басқа да элементтер арнайы өңдеуден өтіп, жаңа химиялық реакцияларға түсті. Бұл зерттеудің нәтижесінде ауыл шаруашылығында бұрын-соңды қолданылмаған ғылыми жаңалық ашылды.
Жүрсінай Серікбаева, ЖОО 2-курс магистранты:
- Азықтың құнарын арттырады. Екіншіден рапс, соя, бидай дақылдарының өнімділігін арттырады. Яғни, құрамындағы майын, ақуызын арттыруға көп көмектеседі. Қамтамасыз етеді және сақтау мерзімін ұзартатыны дәлелденген сульфоаммофостың.
Ғылыми жобаға топырақ құнарлылығының төмендеуі негіз болған. Жоғары оқу орны магистрантының зерттеуінде бұл фактордың өнімділіктің азаюына әсер еткені анықталған. Бұрын әр гектардан орта есеппен 30 центнерден астық жиналса, қазір бұл көрсеткіш 15 центнерге дейін төмендеген. Мамандардың пікірінше, шаруаларды қолдау тетіктерін күшейту арқылы егіс алқаптарын ұлғайтып, өнімділікті жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік бар.
Гүлнар Тастанбекова, Ұлттық ауыл шаруашылығы академиясының корреспондент-мүшесі:
- Біздің топырақтарымыз сұр топырақтар. Типі сұр болғаннан кейін оның ішінде қарашірік деңгейі өте аз. Ресей болсын, Украина болсын оларда қара топырақтар. Ол топырақтар өте құнарлы. Табиғи құнарлы. Селекционерлер бізге жақсы сортты беретін болса, тыңайтқыштарды жүйелі түрде минералды, органикалық тыңайтқыштарды енгізетін болсақ, өз уақытында беретін болсақ өнімді де топырақтың құнарын да көтеруге болады.
Қаланың демографиялық өсіміне байланысты ауылшаруашылық жерлері тарылды. Сондықтан сала мамандары егістік алқаптарды тиімді игеруге шақырады. «Суарудың заманауи технологиясын пайдаланып, әртараптандыру әдісімен сапалы таза өнім алуға болады», - дейді олар.
Жәнібек Тоғаев, қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы
- Биыл 26 мың 500 гектарды игерсек келесі жылға біз 23 мың 500, 23 мың 600 гектар жерді игереміз деп отырмыз. Өйткені біздің қала өсіп келеді. Жалпы қала халқына керегі 263 тонна болса, бүгінгі таңда соның 12,7% өзіміздің қалалық шаруалардың түсірген өнімімен қамтамасыз етіп отырмыз.
Жүрсінай Серікбаеваның стартап жобасы жас ғалымдар арасында үздік деп танылды. Енді зертханада дәлелденген деректер ғылыми нормаға сәйкестендіріледі. Бұл жұмыстар сәтті аяқталса, жыл соңына дейін отандық өндіріске ұсынылады.
Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов, Самат Нағашбекұлы
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz