RU
Толық нұсқаға өту

Қорғаныс-өнеркәсіп саласындағы түйткілдер талқыланды

03.03.2025, 17:21 521

Бүгінде қорғаныс-өнеркәсіп саласында 120 астам компания бар.

Дегенмен олардың көбі нақты өндірушілер емес. Біразы өнім шығармай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында қаржы алуды көздейді. Алматыдағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының III конференциясына онлайн қатысқан Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов осылай деді. Кәсіпкерлердің пікірінше, келісімшарттың бір жылдық мерзімі күрделі жұмыстарды, жоғары технологиялық тапсырыстарды орындау үшін жеткіліксіз. Іс жүзінде олар көптеген компоненттерді жеткізуді талап етеді, ал қазіргі кезде логистикаға қатысты мәселелер келісім-шарт талаптарының бұзылуына әкеледі. Осыған байланысты министр жасалатын келісімшарттардың мерзімін үш жылға дейін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар қорғаныс ведомствосының басшысы Семей танк жөндеу зауытының базасында кластер құру қажеттігін мәлімдеді. "Өндіріс орны бронды танк техникасын ғана емес, қару-жарақты, артиллериялық жүйелерін, трансмиссиялардың күштік қондырғыларын жөндеуге де мамандануы тиіс", – деді министр.

Айбек Барысов, ҚР Қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіпорындар қауымдастығының басқарма төрағасы:

- Бүгін өте жақсы отырыс болды. Біздің қорғаныс-өнеркәсіптік ассоциация мен Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы қатысты. Негізі бірінші рет осындай жиналыс болып тұр. Өте жақсы нәтижеге жетеміз деп ойлаймын. Өйткені мына мемлекет пен өнеркәсіп, бизнес бірге бір-біріне бетпе-бет қарағанда, бір-бірін жақсы қолдағанда керемет нәтижелерге жетеміз деген үміттеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz