RU
Толық нұсқаға өту

Neo Nomad визасын алған шетелдік туристер Қазақстанда бір жыл тұра алады

03.03.2025, 17:30 748

Neo Nomad визасын алған шетелдік туристердің Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндігі бар.

Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады. Бұл туристерге еліміздің мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік беріп қана қоймай, ел экономикасына пайда әкеледі деп күтілуде. Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңге болмақ. Визаны пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды. Бірақ бағдарлама отандық еңбек нарығына әсер етпейді.  Еске салайық, Neo Nomad визасы былтыр енгізілді. Бұл виза қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz