RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық туризм: мүмкіндіктер мен кедергілер

03.03.2025, 19:28 491

Сыртқы туризм бе? Әлде ішкі туризм бе? Ел үкіметі қайсысына көбірек мән бергені жөн?

The New York Times Алматыны үздік  52 туристік бағыттың қатарына енгізген. Lonely Planet журналы да Қазақстанды биыл саяхаттауға тұрарлық үздік елдердің тізіміне кіргізіпті. Қалай ойлайсыз, бұндай пиар шетелдік туристерді Қазақстанға келуге ынталандыра ма?

- Әлбетте туризмнің әлеуетін тани білетіндер осындай жарнама жасағаны бізге жақсы. Бірақ ол үшін де талай шаруа атқаруы керек. Бұған дейін Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексі бойынша 119 елдің ішінде  66-орында болған едік. Қазір 52-орынға көтерілдік.

Дей тұрғанмен, мұнымен тоқтауға болмас. Туристік дестинация ретінде сырт елдерде маркетингтік кампания жүргізіп, үздіксіз жарнама беру қажет. Сонымен бірге, өз азаматтарымызды да туған елді аралауға ынталандырған маңызды. Қазақстан мен Орталық азиядағы туризм жөніндегі сарапшы Еркін Тікеновтың пікірі осыған саяды. 

Еркін Тікенов, Қазақстан және Орталық Азиядағы туризм жөніндегі сарапшы:

- Ішкі туризм қашанда туримзнің өзегі саналды. Дамыған елдерде туризм саладағы қызмет көрсетушілердің 80 пайызы ішкі туристерді күтуге дағдыланған. Жілігін шағып, майын ішкендері содан кейін барып сыртқы нарықпен жұмыс істеуге кірісіп, шетелдік меймандарды тарта бастайды. Қазақстанның, ішкі туристерді де сыртқы туристтермен де бірдей жұмыс істеуге әлеуеті жетеді.

Отандық туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2020 жылы 629 млрд теңге құйылды. 2023 жылы 787 млрд-қа дейін жетсе, 2024 жылы 947 млрд 500 млн теңгеге жуықтады. Пандемия әсерінен болса керек, 2021-2022 жылы 500 бен 600 млрд теңгенің шамасында болған еді. 

Қазақстандық туризмге құйылған инвестиция 

2020 ж. – 629 млрд тг

2021 ж. – 593 млрд тг

2022 ж. – 513 млрд тг

2023 ж. – 787 млрд тг

2024 ж. – 947,5 млрд тг  

Пандемия демекші, жаһандық туризмге кесірін тигізген індеттен кейін әлемнің біраз елі оңалып, 2019 жылға дейінгі көрсеткіштен асып түскен. Мәселен, Қатар, Оңтүстік Америкадағы Сальвадор, Албания мен  Сауда Арабиясында 137 пайыз бен 69 пайыз шамасында өсім байқалды.

2024 жылғы ең үздік туристік бағыттар

ҚАТАР -  +137%

Сальвадор - +81%

Албания - +80%

Сауд Арабиясы - +69%

+%  2019 жылдан бергі өсім

Былтырғы жылдың ең үздік туристік нарықтарға үңілсек: Вьетнамның туризмнен түскен табысы 93 пайыз, Сауд Арабиясының 82 пайыз, Румынияның 80 пайыздан асқанын көреміз. 

2024 жылғы ең үздік туристік нарықтар

Вьетнам  -    +93%

Сауд Арабиясы -  + 82%

Румыния -  + 80%

Түркия - +64%

Ирландия - +63

Халықаралық сарапшылар биыл туристердің ағымы былтырғыдан қарағанда 5 пайызға дейін өсетінін болжап отыр. Сонымен бірге, бұған кедергісін келтіруі мүмкін факторларды да атап өтті. UN Tоurism халықаралық ұйымы жүргізген сауалғанама сүйенсек, сарапшылардың 58 пайызы жатын орын мен жол пұлдың қымбаттауынан қауіптенеді. 51 пайызы өзге де экономикалық себептерді атаса, 31 пайызы геосаяси қатерлер туризмге тұсау салуы мүмкін дейді. Табиғаттың тосын мінез танытуы, саладағы қызметкер тапшылығы, төлем қабілеттілігінің төмендігі сияқты өзге де факторлар бар. Ал қазақстандық туризмнің дамуына биыл не кедергі келтіруі мүмкін? Бұл сауалға сарапшының берген жауабы мынадай. 

2025 жылы халықаралық туризмнің дамуына кедергі келтіретін факторлар

Жатын орын мен жол пұлдың қымбаттауы- 58%

Басқа да экономикалық факторлар - 51%

Геосаяси қатерлер - 31%

Табиғаттың тосын мінезі - 28%

Туризмдегі қызметкер тапшылығы - 22%

Тұтынушылық төлем қабілетілігінің төмендігі  -20%

Саяхатта қойылатын талаптар - 19%

Туристердің тым көбеюі - 17%

Әуежайдағы кептеліс, ұшақтардың кешігуі, ұшпауы – 12 %

Еркін Тікенов, туризм сарапшысы:

- Дәл сол жаһандық түйткілдер Қазақстандық туризмге де тән. Көлік қатынасының қымбаттау мүмкіндігі, инфрақұрылым, жеткізу тізбегінің қалыптастыру сияқты мәселелер бар. Оған қоса, туристерді бізге жөнелтетін нарықтардан біз қашықта орналасқанбыз. Сондықтан біздегі жағдай 50/50. Яғни, қазақстандықтарыдң жарымы шетте демалуды жөн көрсе, қалғаны елді аралайды. Жалпы, шекараны асып бізге келетіндердің саны артып келеді. Қазіргі көрсеткіштердің қарқыны көңіл қуантады.

- Отандық туризмді дамытуда ресурс жетерлік. Бағыт-бағдарды айқындайтын ауқымды тұжырымдама құрылған. Енді сол бойынша толыққанды туристік өнім қалыптастыру үшін әлі уақыт пен біраз күш жұмсау керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz