RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде әр төртінші адам семіздікке шалдыққан

04.03.2025, 08:00 466

Бұл дерт бізді де айналдырып тұр. Мәселен, елдегі ересектердің тең жартысы артық салмақтан арыла алмай жүр.

Ерлердің – 49, әйелдердің - 55 пайызы осы аурумен күресіп келеді.  Балалар арасында да өзекті. Мәселен, былтырғы жарты жылдықта 2 мыңнан астам бала семіздікке шалдыққан. Айтайық, 14 жасқа дейінгі 1 мың 600, 15-17 жас аралығындағы 580 бала артық салмақ қосқан.

Бағай Назарбайұлы, академик Е.Д. Дәленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының аға оқытушысы:

- Семіздік туралы 11 жастан 15 жас аралығындағы балаларды алып қарайтын болсақ, 18 бен 22 жылдағы аралықта статистика ол қыз балаларда 7 пайызды құрайды. Ел балаларды алып қарайтын болсақ, 10 пайызға өскен. Бұл жыл жыл сайын өсіп келе жатқан статистика, көрсеткіштерге қарағанда өсіп келе жатқандығын байқаймыз.

Бұрындаы қазақ халқы ауру астан, дау қарындастан дейтін еді. Расында, дұрыс тамақтанбау, уақытылы ұйықтамау секілді себептерден семіздікке шалдыққандардың қатары артып келеді. Белсенді қозғалысты қош көрмейтін ел арасында да артық салмақ айтарлықтай жиі кездеседі.

Ең қызығы күйзеліске бейім бұқара ауруға жақын көрінеді. Адам ашулана, қуана білуге тиіс. Тіпті жылаудың өзі күйзелістен арылтады. Ал ашулана алмайтын, жылап, қуана білмейтін жасөспірімдер арасында артық салмақтылар жиі кездеседі. Және олар жыл аралатып көбейіп барады. Сол қауіп.Өйткені артық салмақ аты жаман аурулар тудыруы мүмкін.

Бағай Назарбайұлы, академик Е.Д. Дәленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының аға оқытушысы:

- Семіздік бұл әлем бойынша үлкен проблема, аурудың ең алғашқы алып келетін бірінші себебі осы семіздік. Ол қандай ауруларды алып келеді? Жүрек қан – тамыр жүйесінің аурулары, ішкі секреция бездерінің бұзылысы. Сонымен біргі түрлі – түрлі ауруларды алып келеді. Рактың ауруы тағы басқа аурулар, сол үшін адам салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін артық салмақты жинамау керек. Бұл артық салмақ барлық аурудың алғашқы көрінісі болып саналады. Сол үшін біз артық салмақтан арылуымыз керек.

Графика:

Ерлер – 49,2

Әйелдер – 55,5

Балалар – 2  249

0-14 жас – 1  669

15-17 жас – 580 бала

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz