Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында жергілікті билік ауылдан үй сатып алып, кезекте тұрғандарға беріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Осылайша, үй кезегін азайтып, ауылға қоныстандыру мәселесін шешуде. Аудан бойынша баспанаға мұқтаж 400-ге жуық тұрғын бар. Қалада соңғы 3 жыл көлемінде жаңа үйлер салына бастады. Одан бөлек, екінші нарықтағы үйлерді сатып алу арқылы баспанасыз жұрттың мәселесі шешіліп жатыр.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
- Ұлболсын Қашаубаева үш баланың анасы. Отбасымен Қарқаралыда ескі үйді жалдап тұрады. Осы уақытқа дейін үй кезегіне де тұра алмаған. Жергілікті билік бұл отбасын баспанамен қамту мәселесін қарастырып жатыр.
Ұлболсын Қашаубаева, қала тұрғыны:
- Көпбалалаы аналар, мүгедек адамдар алады , сіздер ешқандай санатқа жатпайсыздар деді. Енді осылай жүрміз енді. Онша үй салынып жатқан жоқ қой өзі Қараралыда. Үйдің кезегінде қаншама жыл тұрып жатқан кісілер де бар.
Қарқаралыда соңғы үш жылда үй құрылысы қарқын алды. Қалада үш қабатты 6 үй пайдалануға берілді. Оларға 100-ден астам отбасы қоныстанды. Тағы 18 пәтерлі бір үйдің құрылысы биыл аяқталады. Алайда бұл жеткіліксіз. Аудан бойынша баспана кезегінде 400-ге жуық адам тұр. Жаңадан кезекке тұрып жатқандар да бар. Осыған байланысты жергілікті билік қалада тағы 7 үйдің құрылысы үшін жер учаскелерін белгілеген.
Мейірлан Сәдуақасов, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі:
- Инженерлік желілерін бірінші тартып береді. Сосын жер учаскесін аукционға шығарады. Сол қазір 3 учаскенің құжаттары аукционға дайын. Бұл жерлерге әлеуетті құрылыс салушы мердігерлерге шақырту жібердік.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
- «Қарақаралыда тұрғын үй құрылысы баяу жүруінің бір себебі – қала маңындағы жер учаскелерінің көбі ұлттық табиғат паркіне тиесілі болуынан», - дейді мамандар. Заң бойынша ол жерлерге үй салып, қала шеңберін кеңейтуге болмайды. Сол себепті жергілікті билік меншікті жерлерді сатып алып, үй салуға көшкен.
Бұл жерлер кезінде түрлі мақсатта нысан салуға алынған. Қазір учаскелерді жекеден сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Биылдан бастап аудандарда да тұрғын үйлер салына бастайды.
Ерлан Аманбаев, аудандық тұрғын үй инспекциясының басшысы:
- Бұрын енді қала басында ғана алынатын үйлер салынып. Осы жылдан бастап аудан әкімінің басшылығымен ауылдарда үйлер салынып, көпбалалы отбасыларды тартылайын деп жатыр.
Ауданда екінші нарықтағы үйлерді сатып алу жұмысы жүріп жатыр. Соңғы үш жылда кезекте тұрған 30 отбасы осындай жолмен баспаналы болды. «Алдағы жарты жылдықта жаңа заң негізінде ешқандай әлеуметтік топқа жатпайтын, бірақ атында 5 жыл үй болмаған Ұлболсын Қашаубаева сынды жандар да кезекке алынады», - дейді тұрғын үй инспекциясының мамандары. Жалпы облыс бойынша биыл 500 тұрғын үй салынады.
Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz