RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда 34 ұшқыш әйел бар

04.03.2025, 21:14 643

Алматы халықаралық әуежайында түрлі лауазымдардағы әйелдердің үлесін 50%-ке жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы әуежай президенті Гөкер Косе Алматыда өткен халықаралық семинарда мәлімдеді. Іс-шара авиация саласындағы гендерлік теңдікке арналды. Оны Халықаралық азаматтық авиация ұйымы мен Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі ұйымдастырды. Қазіргі уақытта әлем бойынша әйел ұшқыштардың үлесі 5%-ке тең. Ал Қазақстанда 1500-ге жуық ұшқыш жұмыс істесе, соның тек 34-і әйелдер. Жалпы елдегі авиация саласында 9500-ден астам әйел еңбек етеді. Басым көпшілігі – жолаушылар ұшағының бортсеріктері. шара аясында авиация саласының көшбасшылары жеке табыстарымен бөлісіп, шеберлік дәрісін өткізді.

Гөкер Косе, Алматы халықаралық әуежайының президенті:

- Алматы әуежайында қызметкерлердің 30%-і әйелдер. Оның ішінде техникалық мамандар да бар. Менің ойымша, бұл да жеткіліксіз. Біз осы мамандықтарды әйелдер арасында танымал ету үшін білім беру мен қолдауға барынша инвестиция салып жатырмыз. Мақсатымыз – әйелдер санын 50%-ке дейін жеткізу.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz