Облыстағы білім беру мекемелерінде балаларды буллингтен қорғау мақсатында педагог-үйлестірушілер жұмыс істейді, деп хабарлайды 24kz.
Сонымен қатар өңірдегі 5 білім ордасында полиция департаментімен бірлесіп, «Жас сақшы» сыныптары ашылды.Тәртіп сақшылары мектеп оқушылары мен колледж студенттерімен тұрақты түрде кездесіп, ашық сұхбаттар өткізеді. Бұл бастаманың басты мақсаты – білім беру мекемелерінде қауіпсіз орта қалыптастыру. Жастарға буллингтің түрлері, оның салдары және одан қорғану тәсілдері түсіндіріледі. Әсіресе, кибербуллингке ерекше назар аударылады, себебі әлеуметтік желі арқылы жасалатын қысым кейде физикалық зорлық-зомбылықтан да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Айнұр Жошина, Қарағанды қаласы Октябрь полиция бөлімінің аға инспекторы:
- Егер де біз бұрын буллингке арнайы бап қолданбасақ, қазір біз арнайы бап бойынша жауапкершілікке тартамыз ата-анасы мен баласын. Айыппұл саламыз. Осындай мақсатта балаларға роликтер көрсетеміз, ол балаларға өте жақсы әсер қалдырады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz