Ақмола облысында көктемгі тасқынға қарсы шаралар қолға алынды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бірнеше аудан мен Атбасар қаласындағы дайындықты пысықтап қайтты. Астрахан ауданында бөгендер нығайтылып, арықтар тазартылған. Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымы қарғын сумен күреске сақадай сай тұр. Қазір мұнда 175 құтқарушы жұмылдырылып, 134 техника мен 25 мотопомпа дайындалған. Қанат Бозымбаев Старый Колутон ауылының маңындағы өзен арнасын кеңейтуді үдетіп, теміржол көпірінің астындағы өзен түбін тереңдетуді тапсырды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz