Ел-жұрт кеше Кешірім күнін өткерді.
Бұл күн – атауы айтып тұрғандай барлық ренішті ұмытып, хабарсыз кеткен жақыныңызбен татуласуға таптырмас уақыт. Жалпы дәл осы мереке қазақ халқының болмысына жат емес. «Кешіре білу – кеңдік, кешіре білмеу – кемдік», - деген бабаларымыз, кетіскенді келістіріп ағайынның арасын жақындатып отырған. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы да «атаулы датаны кеңінен жарнамалау қажет», - дейді. Себебі Ислам дінінің өзі адамзатты кешірімді болуға шақырады.
Медет Құрмашұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы:
- Қандай да бір мереке болатын болса, егер оның шариғатқа бір ешқандай қайшылығы болмайтын болса, әлбетті дініміз оны құптайды. Бұл мереке қолдауға тұрарлық мереке. Себебін айтып жатырмыз, бұл – Ислам дінінің өзі бұйыратыны бізге кешірімді бола білу.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz