Қазақстан аумағының шамамен 70 пайызы табиғи апаттар қаупіне ұшыраған. Ал 40 пайызы сейсмикалық қауіпті аймақтардың қатарында.
Сондықтан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру керек. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай деп, Премьер-министр мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына сауалын жолдады. Депутат былтырғы су тасқыны кезеңін еске алды. Айтуынша жылжымайтын мүлікті сақтандыру іске аспаған. Салдарынан қаржы шығындары мемлекеттік бюджетке түсті. Апат қайталанса, онда мемлекет тұрғын үйді жыл сайын қалпына келтіріп бере алмайды. Сол себепті жүйені жетілдіру қажет. Бұдан бөлек, Елнұр Бейсенбаев банктердің жұмысына тоқталды. Мысалы жер сілкінісі болса, тұрғындардың кепілде тұрған мүлкі жоғалуы мүмкін. Сондықтан банктер кепілдегі мүлікті өз есебінен сақтандыруы керек.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Сақтандыру келісімшартында кепілдегі мүліктің нарықтық құнын көрсету міндеті енгізілуі керек. Ипотекалық несие беру кезінде қарыз алушыларға сақтандыру компаниясын таңдау құқығы берілуін қарастырған жөн. Сондай-ақ азаматтарға қаржылық ауыртпалық болмасын, яғни әрбір банк кепілдегі мүлікті өз есебінен сақтандыруға міндеттелуі тиіс. Үкімет пен тиісті агенттік табиғи апатардан жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру туралы заң жобасын әзірлеп, Парламент қарауына енгізуі қажет.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz