Абай облысында «Тауарлық несие» жобасы жүзеге асатын болады.
Бұл туралы Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Биыл 1 млрд теңгеге 115 жоба әзірленді. Оның 55-і түрлі сала бойынша бизнес ашуға жұмсалады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытында 29 жоба жасалады. Облыста тауарлық несие жобасын жүзеге асырудағы мақсат – ауыл тұрғындарына қайтарымды негізде мал беру арқылы әл-ауқатын жақсарту. Кәсіпкерлер жобаны қолдауға дайын екенін жеткізді.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі:
- Нақты жұмыс орындары құрылатыны, ауылда тұратын азаматтардың біраз сұрақтары шешілетініне бүгін біздің ешқандай күмәніміз жоқ. Сонымен қатар Абай облысында тауарлық бизнес жобасы алғашқы қадамын басып отыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz