RU
Толық нұсқаға өту

Өскемендік бағбан қызғалдақтың 15 түрін өсіреді

07.03.2025, 08:46 692

Өскемен қаласының тұрғыны Владислав Мальцев голландиялық қызғалдақтың 15 түрін өсіреді.

Бағбан ауласындағы жылыжайын гүл бағына айналдырған.

Бүгінге дейін 20 мыңнан астам гүл өсіріпті.

Владислав гүлдердің тұқымын Голландиядан алдырады. Қызғалдақты жерсіндіру үшін міндетті түрде тәжірибеден өткізеді. Әр гүлді ерекше ықыласпен өсіретін әуесқой бағбан қызғалдақтардың ұзақ сақталуы үшін суару технологиясына баса мән беріп, температураның өзін ғылыми дәлдікпен қояды.

- Біз гүлді осылай қауызы ашылмай тұрғанында алуға тырысамыз. Өйткені сонда ғана сатып алушыға солмаған күйінде жетеді. Біздегі гүлдер осы жерде өсіріледі. Жергілікті өнім десек артық айтқандық емес.

Гүл өсіріп көл-көсір пайдаға кенелу мүмкін емес. Мысалы бір гектар жерге 200 келіден астам тыңайтқыш қажет. Жылыжайды үнемі жылы ұстау керек. Мұның бәрі шығын. Бірақ Владислав өзінің жұмысын махаббатпен істейді.

Владислав Мальцев, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Маған гүлдердің өсіп-жетілгенін көру ұнайды. Тұқымнан бастап гүлге айналғанға дейінгі процесс көз алдыңызда. Табиғаттың осындай құдіретіне таңдасбасқа амалыңыз қалмайды.

Владиславтың өсірген гүлдері «хабарлық» аруларды да қуантты. Мереке қарсаңында әріптестерімізге дайындаған тойынсыйымыз сәтті болды.

Эльмира Ахметова, 24KZ телеарнасының меншікті тілшісі:

- Біздің жергілікті кәсіпкердің гүлі, мінеки. Керемет. Әлі бірнеше апта тұрады деді қауызын жарып. Сондай әдемі. 

Жергілікті бағбанның өніміне тұрғындардан сұраныс жоғары. Владислав Мальцев енді кәсібін кеңейтіп, гүл дүкендерін ашуды жоспарлап отыр.

Асланбек Шығыр, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz