RU
Толық нұсқаға өту

Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды

09.03.2025, 17:48 444

Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24kz.

Қазір оқиғаның мән-жайын тексеру үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, «рюкзагымда бомба бар» деп жолаушыларды қорқытқан. Кепілге алу ісі бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық үшін 3 жылдан 7 жылға дейін, ал терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ведомствода хабарлағандай, сот шешімімен күдікті екі айға қамауға алынды. Сонымен қатар Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың тапсырмасымен елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексерілуде.

Самат Аисов, ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары:

- Күдікті ұсталды. Жапа шеккендер жоқ. Негізгі назар: осал тұстарды анықтау; қауіптің алдын алу, бақылауды күшейту; әрекет ету алгоритмін жетілдіру, күзет қызметкерлерін оқыту, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту. Жағдай толық бақылауда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz