Сәуірдің 1-інен бастап Павлодардың әуежайы қызметін жеті айға уақытша тоқтатады.
Бұған әуе айлағын кең ауқымды жаңғыртудан өткізу себеп болған. Онсыз 2026 жылы әуежай ұшуға жарамдылық және рейстерді қабылдау сертификатын ала алмайды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары екі кезеңде өтеді. Бірінші ұшу-қону жолағы жаңартылады. Бұл әуежайға ірі көлемді әрі ауыр ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Екінші кезең әуежайдың ғимаратын қамтиды. Онда келу және кету аймағын екіге бөлу көзделген. Сондай-ақ күту аймағы кеңейтіледі. Павлодарға қатынайтын әуе рейстеріне билет сату тоқтатылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz