RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде Үлбі өзеніндегі бөгетті биіктету жұмысы жүріп жатыр

12.03.2025, 21:08 527

Өскемендегі Үлбі өзенінің бойындағы бөгет биіктетіліп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті билік өкілдері 18 шақырым топырақ үйіндісін тағы да нығайтып, қауіпсіздік шарасын күшейтуді жоспарлап отыр. Ол үшін 30 мың текше метр инерттік материал алынды. Сонымен қатар мамандар көпірдің асты мен арна бұрылыстарын тереңдетуге кірісті. Инженерлік шаралар наурыз айында аяқталады. Синоптиктердің болжамынша, өңірдің 70%-інде қалың қар жатыр.

Ержан Ыбыраев, қалалық ТҮКШ және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы:

- Көктемгі тасқынның алдын алу үшін қосымша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Колхозная, Интернационал көшелерінің жағалаулары күшейтіледі. Бұл шаралар күн жылығанша аяқталады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz