RU
Толық нұсқаға өту

Атыраудағы Ұлттық құрылтай нәтижесінде 10 заң жобасына бастамашылық жасалды

13.03.2025, 12:00 1391

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының нәтижесінде 10 заң

жобасына бастамашылық жасалып, 9 заң қабылданды, тағы 2 заң жобасы парламенттің қарауында. Олардың қатарында Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Құмар ойындар, лотереялардың қызметін реттеу сынды қоғамның  дертіне айналған күрделі мәселелерді шешуге бағытталған заң жобалары бар. Бұл туралы  Бурабайдың баурайында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың секция отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев айтты. Сонымен қатар Ұлттық құрылтай мүшелерінің бастамасымен 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз құмар ойындар мен лудоманиямен күресудің кешенді жоспары қабылданған. Осылайша Ұлттық құрылтай жұмысы аясында қоғамдағы кеселдерге қарсы күрес жанданып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz